Қызылордада көркем гимнастикадан облыстық ашық чемпионат өтеді

41

0

Қызылордада көркем гимнастикадан облыстық ашық чемпионат өтеді25-27 наурыз күндері Қызылорда қаласында көркем гимнастикадан «Сыр жұлдыздары» атты облыстық ашық чемпионат басталады, деп хабарлады облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Оған Алматы қаласы, Атырау, Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 300-ге жуық 2003-2011 ж.т гимнасшы қыздар өнер көрсетеді. 

Облыс орталығында қатарынан үшінші жылы жалауын көтерген байрақты дода жекелей және топтық жаттығу бойынша өтеді. 

Жарыстың мақсаты – облыста көркем гимнастиканы дамыту, жас гимнасшылардың спорттық шеберлігін шыңдау, достық қарым-қатынасты нығайту және тәжірибе алмасу. 

Жарыста 1,2 орынды иеленгендер спорт шеберіне үміткер нормативін орындайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз