Қызылордада көшеге ҰОС ардагерінің есімі берілді

50

0

Қызылордада көшеге ҰОС ардагерінің есімі берілдіҚызылорда қаласы көшелерінің біріне Ұлы Отан соғысының қатысушысы, ҚР
Прокуратурасының құрметті қызметкері Сәдуақас Қарамановтың есімі
берілді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Осы
салтанатты шараға орай Сәдуақас Қарамановқа арналған естелік
тақтайшасының ашылу рәсімі болып, ардагердің туыстары, прокуратура
қызметкерлері, қоғам қайраткерлері майдангер жайлы лебіздерін білдірді.

«Сәдуақас Қараманов нағыз батыр болған. Ол Арал
ауданының шалғайда орналасқан Қарақұм ауылында туған және 1942 жылы
жасөспірім кезіне майданға аттанған. Соғыста 311 атқыштар дивизиясы
3071 атқыштар полкінің пулеметшілер бөлімін басқарған. Ол қанқұйлы
соғыстағы ерліктері үшін бірнеше орден, медальмен марапатталған», – деді
салтанатты шара барысында Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз