Қызылордада кәсіпкерлер палатасы балабақшаларға құқықтық көмек көрсетуде

67

0

Қызылордада кәсіпкерлер палатасы балабақшаларға құқықтық көмек көрсетудеҚызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында жеке мектепке
дейінгі мекеме басшылары мен құрылтайшыларына жергілікті атқарушы орган
өкілдерінің қатысуымен құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп
хабарлайды облыстық кәсіпкерлік палатасының баспасөз қызметі.
    Шараны ұйымдастыруға білім саласында қызмет көрсететін, яғни жеке
балабақшалардың мәселесі бойынша кәсіпкерлерден түскен өтініштер себеп
болды. Атап айтқанда, кәсіпкерлер білім бөлімі тарапынан «зерделеу үшін»
деген желеумен жиі тексеру жүргізілетіндігін, сондай-ақ мемлекет
тарапынан бөлінетін субсидиялардың уақытылы аударылмайтындығын айтып,
мұның қаншалықты заңды екендігін Палатадан түсіндіріп беруін сұрады.
    Осы ретте, Кәсіпкерлер палатасы балабақшаға жүргізіліп жатқан
зерделеу жұмыстарының заңдылығын анықтау және жалпы түсіндіру шараларын
жүргізу үшін шараға арнайы облыстық прокурорының аға көмекшісі Әліби
Зейнулла, қала әкімінің орынбасары Нұрхан Жәлиев, ҚР құқықтық статистика
және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша
басқармасы басшысының орынбасары Әлжан Құлманов, ҚР Қаржы министрлігінің
Қызылорда облысы бойынша қазынашылық департамент басшысының орынбасары
Әділбек Есқараев және жеке балабақшаға зерделеу жұмыстарын қандай
нормаға сай жүргізіп жатқандығын білу үшін қалалық білім бөлімінің
басшысы Асқарбек Есжанов шақырылды.
    Шара барысында Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер
бойынша орынбасары, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау
жөніндегі Уәкіл аппаратының Қызылорда облысы бойынша сектор меңгерушісі
Дархан Мырзалиев қалалық білім бөлімі басшысынан «зерделеу» жұмыстарын
балабақшаға бармай-ақ тиісті құжаттарды сұрату арқылы жүргізуге
болатындығын айта отырып, бұл шараларда білім бөлімі қандай нормаға сай
жасап отырғандығын сұрады. Мұнан өзге сектор меңгерушісі кейбір
балабақшалардың жұмысшыларына жалақыны уақытылы төлей алмайтындығын да
ортаға салды. Негізгі себеп ретінде жеке балабақшаларға мемлекет
тарапынан бөлініп отырған қаржының – мемлекеттік тапсырыстың мерзімінде
аударылмайтындығын тілге тиек етті.
    Жиын қорытындысымен Кәсіпкерлер палатасы және мемлекеттік орган
өкілдерімен мынадай келісімге келді: алдағы уақытта «зерделеу» деген
желеумен білім бөлімі және басқа да мемлекеттік органдар тарапынан
жүргізілетін тексерулер қаншалықты жиі келетіндігін анықтау мақсатында
кәсіпкерлерге арнайы журнал арнап, келген «тексерушілердің» қолдарын
қойдыру арқылы тіркеп отыру ұсынылды. Мұнан өзге, білім бөліміне жеке
балабақшаларда бала саны толық әрі жолдуалары түгел болған жағдайда
зерделеу жұмыстарын азайту ұсынылды. Сондай-ақ жалпы балабақша
басшыларының мүддесін ескеру үшін зерделеу тобының құрамына «Мектепке
дейінгі балабақшалар ұйымдарының Қазақстандық Қауымдастығының» Қызылорда
облысы бойынша филиал директоры енгізілетін болды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз