Қызылордада кәсіпкерлер саны 7,8 пайызға артты

36

0

Қызылордада кәсіпкерлер саны 7,8 пайызға арттыӨткен жылы Қызылорда облысында «Бизнестің жол картасы-2020» шеңберінде
өндірістік инфрақұрылымды дамытуға және кәсіпкерлікті қолдауға 2,6 млрд.
теңге бөлінді.  Алдыңғы жылмен салыстырғанда 77 пайызға артық. Бұл
туралы бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев халық
алдындағы есепті кездесуінде айтты.
    Бағдарлама аясында қолға алынған индустриалық аймақтарды құру және
дамыту бастамасы жалғасын тапты. Арал, Қазалы, Жалағаш және Шиелі
аудандары мен Қызылорда қаласында құрылған индустриалық аймақтарға
инженерлік инфрақұрылым тартылып, инвестициялық жобаларды іске асыруға
қолайлы жағдай жасалды. Соның нәтижесінде 2015 жылы аталған аймақтарда
жалпы құны 2 жарым миллиард теңгеден асатын 16 жоба іске асты.
    Сырдария және Жаңақорған аудандарында индустриалық аймақты құрудың
жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, тиісті жер телімдері бөлінді.
Туристік инфрақұрылымды, оның ішінде Қармақшы ауданы Төретам кентінде
индустриалды-туристік аймақты дайындау жұмыстары басталды.  2014 жылдың
аяғында ауылдық жерлерде бизнесін жаңадан бастаушы кәсіпкерлерге қолдау
көрсету тетігі ретінде «Өңірлік инвестициялық орталық» (РИЦ) құрылды.
Өткен жылы өңірлік инвестициялық орталық барлық аудандарда белсенді
жұмыс істеп, жалпы құны 342,1 млн. теңгені құрайтын 56 жобаны
қаржыландырды, жаңадан 223 жұмыс орны ашылды.
    – Бұл негізінен шағын, 3-5 адам жұмыс істейтін наубайхана мен
кондитерлік цехтар, техникалық қызмет көрсету бекеттері мен тігін
шеберханасы секілді қарапайым бастамалар. Бірақ өздері шағын болғанымен,
тап осы орта келешек Қазақстандық қоғамның буыны, экономиканың негізгі
тірегіне айналады. Сондықтан мемлекет бұл жұмысты жалғастырады, ал қоғам
оны жан-жақты қолдап, насихаттау арқылы жаңа, жас кәсіпкерлердің көптеп
пайда болуына көмектесуі қажет, – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.    
    Жоғарыда аталған шаралардың нәтижесінде өткен жылы аймақта
тіркелген кәсіпкерлер саны 7,8 пайызға артты. Бұл республикадағы ең
жоғары көрсеткіштердің бірі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз