Қызылордада «Кәсіпкерлер үйі» ашылады

59

0

Қызылордада «Кәсіпкерлер үйі» ашыладыҚызылордада аймақ басшысы және кәсіпкерлердің қатысуымен Кәсіпкерлер кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Мәжілісте бизнес пен билік өкілдері кәсіпкерлік саласында қазір қалыптасып отырған проблемаларды ортаға салып, талқылады, деп хабарлады облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен.

Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Асқар Махамбетов экономикалық дағдарыс жағдайында кәсіпкерлерге қолдау көрсету шараларына қатысты бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

Ол бүгінде облыстық Кәсіпкерлер палатасында жедел штаб жұмыс жасайтындығын жеткізді. Бүгінгі күнге дейін жедел штаб 300-ден астам кәсіпкерді (27 ірі, 182 орташа, 91 шағын) қамти отырып, олардың проблемаларын зерттеді.

Атап айтқанда, олар: аймақтың инвестициялық жобаларының бірыңғай базасын құру, халықаралық қаржы ұйымдарымен жұмысты жандандыру, өңірде мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту және т.б.

Бүгінде Кәсіпкерлер палатасы 20-дан астам қызмет түрлерін көрсетуде. Кейбір қызмет түрлері уәкілетті органдарда кәсіпкерлердің мүдделерін қорғап, жобаларын сүйемелдеуді қажет етеді.

Дегенмен, мүдделі органдар мен қаржы институттары бір орталықта отырмайынша, кәсіпкерлердің бастамасын сапалы әрі жедел сүйемелдеу айтарлықтай қиындықтар тудырады.

Осы ретте, Өңірлік кеңес төрағасы мәселені тиімді шешу үшін облыста «Кәсіпкерлер үйін» ашуды ұсынды.

Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Кәсіпкерлер палатасының «Кәсіпкерлер үйін» және «Бірыңғай жобалар офисін» құру туралы ұсынысты қолдап, сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді.

1 маусымнан бастап «Кәсіпкерлер үйінде» Кәсіпкерлер палатасымен бірге негізгі қаржы институттары: «Өңірлік инвестициялық орталық» ЖШС мен «ҚазАгро» АҚ филиалы, сондай-ақ рұқсат беру құжаттары бойынша қызмет көрсететін бөлімдердің мамандары орналасатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз