Қызылордада кәсіпкерлік апталығы өтуде

73

0

Қызылордада кәсіпкерлік апталығы өтудеҚызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі Халықаралық әйелдер мерекесіне орай нәзік жандылар арасында кәсіпкерлікті дамытуға арналған апталық өткізуде.
Шараны өткізуге мұрындық болған Кеңес төрайымы Жанна Аманова апталықты ұйымдастыруға келесі жайттың себеп болғандығын жеткізді: «Қазір қыз-келіншектер арасында өз ісін ашып, кәсібін жүргізгісі келетін жандар қатары артты. Алайда олардың басым бөлігі кәсіпті қалай ашу қажеттігін, неден бастау керек екендігін білмей жатады. Сондықтан да мереке қарсаңында аймақтың қыз-келіншектеріне тегін «Әйелдерге арналған кәсіпкерлік апталығын» жарияладық. Апталық барысында аруларымыз көпшілік алдында еркін сөйлеуді, сәнді киініп, әрленуді үйреніп, кәсіпкерлік негіздерінің алғышарттарымен танысатын болады. Соның ішінде бухгалтерлік есеп-қисаптың қыр-сырын меңгеріп, балабақша, сұлулық салоны, медициналық клиника немесе кондитерлік бизнесті қалай ашуға болатындығын тәжірибе жүзінде көретін болады. Ең бастысы шараның нәтижесі ретінде облыстағы іскер қыз-келіншектермен танысып, әріптестік байланыс орнату мүмкіндігі болатындығын айтқым келеді».
Мұнымен қоса, апталыққа қатысушылар «Бизнес-кеңесші», «Бизнес өсу», «Жобалық оқыту», «Іскерлік байланыстар» бағдарламаларымен, сондай-ақ бизнесті қаржылай емес қолдау тетіктерімен танысты.
Айта кету керек, апталықты ұйымдастыруға облыстағы бизнес өкілдері белсенді қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Осы ретте Кәсіпкерлер палатасы «Әйелдерге арналған кәсіпкерлік апталығын» ұйымдастыруға жәрдем көрсеткен әріптестері – Іскер әйелдер кеңесінің мүшелеріне алғысын білдіреді.


Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі Қызылордада кәсіпкерлік апталығы өтуде
Қызылордада кәсіпкерлік апталығы өтуде 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз