Қызылордада кітап жеткізу және қаржыландыру мәселелері толығымен шешімін тапты

60

0

Қызылордада кітап жеткізу және қаржыландыру мәселелері толығымен шешімін таптыҚазіргі уақытта өңірлерде оқулықтар мен ОӘК-ті белгіленген мерзімде
жеткізу бойынша Қызылорда облысында күрделі жағдаят орын алды. Дегенмен
бүгінгі уақытта Қызылорда облысында кітап жеткізу және қаржыландыру
мәселелері толығымен шешімін тапты.
    Қызылордада Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
төрағасының орынбасары Ә.Ахметов Қызылорда облысы әкімі және экономика,
қаржы және білім басқармаларының басшыларымен, оқулықтармен қамтамасыз
ету мәселелеріне жетекшілік ететін білім бөлімдерінің басшыларымен, шарт
жасалған көлік қызметінің жабдықтаушыларымен, ата-аналар жұртшылығымен
кеңейтілген жиын өткізуде.
    Жиын барысында қатысушылар өңірде оқулықтар мен ОӘК-ті жеткізу бойынша ағымдағы жағдайды талқылауда.
    27 шілдеде Қызылорда облысында барлық білім бөлімдері, сонымен
бірге Қызылорда облысының Білім басқармасы оқулықтар мен ОӘК-ті сатып
алуға оқу әдебиеттерін жеткізетін жабдықтаушылармен және баспалармен
шарт жасады.
    Айта кету керек, жалпы облыс бойынша жеткізу 48%-ды құрайды. Оның
ішінде Жалағаш ауданында – 83,7%, Сырдария ауданында – 88,5%, Шиелі –
56,1, Жаңакорған – 46,9%, Қызылорда қаласында – 65,7.
    Алайда бүгінде Қызылорда облысының Арал, Қазалы және Қармақшы
аудандары, Байқоңыр қаласы, сонымен қатар облыстық білім басқармасы
білім беру ұйымдарына оқулықтарды жеткізуді бастаған жоқ. Осы өңірлерде
шарт бойынша жеткізу мерзімі ағымдағы жылғы 10 тамызға дейін белгіленді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз