Қызылордада «Құлан» бағдарламасымен жылқылар сатып алынуда

60

0

Қызылордада «Құлан» бағдарламасымен жылқылар сатып алынуда«Құлан» бағдарламасымен Қызылорда қаласына 100 бас жылқы алу межеленген болатын. Осыған сәйкес қалаға қарасты Қосшыңырау ауылдық округінен «Арайлым» шаруа қожалығы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан 19,8 млн. теңге көлемінде несие алып, 117 бас асыл тұқымды бие және 10 бас асыл тұқымды айғыр алды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Сол сияқты осы ауылдық округтегі «Аруана» жеке кәсіпкері 15,0 млн теңге көлемінде несие алып, 54 бас асыл тұқымды бие, 10 бас асыл тұқымды айғыр алып, өз кәсібін жүзеге асырып жатса, «Райымбек» шаруа қожалығы 8,3 млн теңге несие алса, Ақсуат ауылдық окугінен «Айбек-Агро» шаруа қожалығы 12,2 млн теңге несие алып қазіргі таңда жылқы малын алу үстінде», – делінген хабарламада.

Айта кету керек, облыс бойынша «Құлан» бағдарламасымен 325 бас жылқы сатып алынып, жоспар 108,3 пайызға орындалса, қала бойынша 191 бас жылқы сатып алынып, жоспар 191,1 пайызға орындалды немесе облыс бойынша алынған жылқы малының 58,7 пайызын құрап отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз