Қызылордада әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік бағасы өзгерді

44

0

Қызылордада әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік бағасы өзгердіҚызылорда облысында алты түрлі азық-түлік бағасы арзандап, керісінше
онының бағасы көтерілді.Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Алты түрлі азық-түліктің
бағасы арзандады. Атап айтқанда, қарақұмық, тауық еті, өсімдік майы,
қант, сиыр еті мен жұмыртқа. Жергілікті нарықта азық-түліктің аталмыш
түрлері жетіп артылады, бағаның төмендеуі де содан», – дейді облыстық
ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Пірмұхаммед
Сыздықов.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының
ақпараты бойынша, халық жиі тұтынатын тауарлардың арасында бағасы
қымбаттаған азық-түліктер де бар.
«Әлеуметтік маңызды
азық-түлік тауарлары тізіміне кіретін отыз үш тауардың онының бағасы
көтерілді. Ұн мен макарон өнімдерінің бағасы сәл көтеріліп, картоп,
қырыққабат пен шайдың бағасы біршама өсті», – деп нақтылады П.
Сыздықов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз