Қызылордада әлеуметтік маңызы бар төрт нысан пайдалануға берілді

78

0

Қызылордада әлеуметтік маңызы бар төрт нысан пайдалануға берілдіҚызылордада қала күнінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен әлеуметтік маңызы бар бірнеше нысан ашылды.

«Наурыз» шағынауданында 140 орындық «Сыр самалы» балабақшасы мен Қызылжарма кентінде 280 орындық «Сыр дидары» балабақшасы іске қосылды.

– Биылғы жылы Қызылорда қаласының өзінде ғана 16 жекеменшік және 2 мемлекеттік балабақшалар пайдалануға берілді. Мұның барлығы да Елбасының бүлдіршіндерге, оқушы жастарға жасап жатқан қамқорлығы,- деді облыс әкімі.

Бұдан бөлек, бүгін тағы екі дәрігерлік амбулатория ашылды. Оның бірі – Ж.Махамбетов ауылында, екіншісі, Қызылжарма ауылдық округінде орналасқан. Соңғы 3 жылда өңірімізде 39 медициналық нысан, ал биылғы жылы 18 жаңа нысан халық игілігіне пайдалануға берілді.

Жаңа денсаулық сақтау нысанының жұмысына сәттілік тілеген облыс әкімі дәрігерлік амбулатория ұжымына автокөлік кілтін табыстады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз