Ұлттық ойындардан жастар арасындағы чемпионат өтеді

44

0

Ұлттық ойындардан жастар арасындағы чемпионат өтедіЖаңақорған ауданында 30 қыркүйек пен 4 қазан аралығында жастар арасында көкпар, аударыспақ, теңге ілу және жамбы атудан – чемпионаты өтеді. Бұл туралы облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады. 

Жастар арасында бірінші мәрте өткізілетін чемпионатқа 14 команда қатысады.  

Чемпионатты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығы, Қызылорда облысының дене дене шынықтыру және спорт басқармасы, Жаңақорған ауданының әкімдігі ұйымдастырып отыр. 

Жарысқа Қызылорда облысынан 12 көкпаршы қатысады, ал аударыспақ бойынша, 5 адам күшін сынап көрмек және теңге ілуден бір адам 2 адам жамбы атудан сайсқа түседі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз