Қызылордада ұлттық спорт түрлерінен фестиваль аяқталды

51

0

Қызылордада ұлттық спорт түрлерінен фестиваль аяқталды14-20 қазан аралығында Қызылорда облысында Қазақ хандығының 550
жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған
ұлттық спорт түрлерінен IV республикалық фестиваль өтті.

Спорттың 13 түрін қамтитын бұл бәсекеге Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарынан 2000-ға жуық спортшы қатысты.

Фестивальдің мақсаты – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол –
болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру,
елімізде ұлттық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық
спортқа деген қызығушылықты арттырып, жастарды отансүйгіштікке,
патриотизмге тәрбиелеу, халықтар арасында достық пен татулықты нығайту
және ұлттық спорт түрлерін дамытудағы ең мықты өңірді анықтау.

Жарыс қорытындысына келетін болсақ, жалпыкомандалық есепте 227
ұпаймен Қызылорда облысының командасы – бірінші, 200,5 ұпаймен Оңтүстік
Қазақстан облысы – екінші, ал 177,5 ұпаймен Жамбыл облысы үшінші орынға
ие болды.

Кезекті фестиваль жалауын Қызылорда облысының дене шынықтыру және
спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев Ақтөбе облысының ұлттық
спорт түрлері мектебінің директоры Бақтияр Тілеуовке табыстады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз