Қызылордада «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілді

53

0

Қызылордада «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілдіОблыстық ішкі саясат басқармасы және «Болашақ жастары» жастар қоғамдық
бірлестігінің ұйымдастыруымен Қызылорда облысында алғаш рет оралман
отбасылардың оқушы балаларының қатысуымен «Мектепке жол» республикалық
қайырымдылық акциясы өткізілді.

Шара барысында облыстық ішкі саясат
басқармасының қызметкері Ербол Рүстемов және оралмандар орталығының
жетекшісі, қалалық мәслихат депутаты Бауыржан Мастеков құттықтау сөз
сөйлеп, 15 оралман отбасынан шыққан оқушыларға оқуға қажетті құралдар
салынған сөмкелерді үлестірді.

-Оралмандарға мемлекет тарапынан қолдаулар
алдағы уақытта да болатынына сенімдімін. Балаларға оқу жылына дайындық
кезеңінде көмек көрсету, сонымен қатар әртүрлі әлеуметтік себептермен
балалардың мектепке бара алмай қалуының алдын алу мақсатында облысымызда
алғаш рет оралман отбасылардың оқушы балаларына арналған шара
ұйымдастырылып отыр. Жаңа оқу жылында жаңа табыс, оқуда озат болыңдар, –
деді Б.Мастеков.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз