Қызылордада «Мерейлі отбасы» конкурсы өткізіледі

45

0

Қызылордада «Мерейлі отбасы» конкурсы өткізіледіҮстіміздегі жылдың 1 сәуірінен бастап Қызылорда қаласында өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық деңгейдегі бірінші кезеңі басталды.
        Конкурсты өткізудің мақсаттары:
       1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;
       2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
       3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқор болуын дәріптеу, және кеңінен насихаттау;
       4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
       Конкурсқа отбасылар (бұдан әрі – үміткерлер) қатысады. 
      2. Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары отбасылар жіберіледі.
       3. Мыналар:
       1) қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;
       2) бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.
Комиссия үздік отбасыларды айқындау туралы шешім қабылдау кезінде мынадай критерийлерді басшылыққа алады:
       1) отбасы мүшелері жетістіктерінің саны мен маңызы (отбасы тарихы визит карточкасы — таныстыру рәсімі);
       2) отбасылық дәстүрлер және жәдігерлер;
       3) отбасының рухани-адамгершілік кұндылықтары;
       4) балаларының жетістіктері;
       5) ата-аналарының үлгі тұтарлықтай жетістіктері;
       6) өздерінің шыққан тегін білуі (шежіре — ру тарихы);
       7) отбасы құрамы (отбасы мүшелерін саны – бір аумақта бірге тұрып жатқан бірнеше ұрпақтың өкілдері);
       8) отбасының дарындары;
       9) отбасының өмір сүру салты (саламатты өмір салты, бос уақыты және т.б.);
       10) отбасының қоғамдағы беделі.
       4. Конкурсқа қатысуға өтінім қалалық комиссияға конкурстың басталғаны туралы көпшілікке жариялаған күннен бастап бір ай ішінде мынадай құжаттармен бірге беріледі:
       1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
       2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
       3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
       4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі — бар болса;
       5) балаларды тәрбиелегені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
       6) балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;
       7) ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);
       8) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына құжаттар 1 сәуір мен                     1 мамыр аралығында қалалық ішкі саясат бөлімінде қабылданады. Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Ы. Жақаев көшесі 76 үй (қала әкімдігінің ғимараты), 307-кабинет, байланыс телефоны 26-15-94, 26-18-69. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз