Қызылордада «Мейірімді жүрек» акциясы өтті

45

0

Қызылорда облыстық корей, татар этномәдени бірлестіктері мен 
«Қазақстандағы орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда
облыстық филиалы «Мейірімді жүрек» акциясы  аясында Қарттар мен
мүгедектерге арналған интернат үйіне барып, қайырымдылық дастарханын
жайды. 

Бұл туралы облыстық ассамблеяның баспасөз қызметі хабарлады.

Этномәдени бірлестік өкілдері әр интернат
тұрғынынымен әңгімелесіп, сыр бөлісті. Корей этномәдени бірлестігінің
өнерпаздары оларға арнап өнер көрсетті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз