Қызылордада мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты басталды

54

0

Қызылордада мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты басталдыБүгін Қызылордада мәнерлеп
сырғанаудан ел біріншілігі басталды. Чемпионатта Астана, Алматы қалалары
мен Алматы, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 6
команда, 60-қа жуық спортшы қысқа және еркін бағдарламалар бойынша өнер
көрсетеді.

Біріншіліктің ашылу салтанатына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.

– Мәнерлеп сырғанаудан ел біріншілігі Сыр өңірінде
тұңғыш рет өткізіліп отыр. Мұндай жарыстар жастардың қысқы спортқа
деген қызығушылығын арттырса, спортшылардың шеберлігін шыңдауға да мол
мүмкіндік, – деді өңір басшысы.

Жарысқа 22 жасқа дейінгі спортшылар бақ сынауда.
Айта кетейік, чемпионатта екі мәрте Олимпиада ойындарының қатысушысы
Абзал Рақымғалиев пен Бүкіләлемдік Гран-при додаларының күміс және қола
жүлдегері, халықаралық турнирлердің чемпионы Элизабет Тұрсынбаевалар
өнер көрсетті.

Бәсекеге халықаралық дәрежедегі төреші Юрий
Гуськов, ресейлік Алексей Губанов секілді білікті мамандар қазылық
етуде. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ертең белгілі болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз