Қызылордада мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді

33

0

Қызылордада мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді 20-21 желтоқсан күндері «Мұз айдыны» СК мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан
Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру
және спорт басқармасының баспасөз қызметінен. 

Чемпионатқа Астана,
Алматы қалалары мен Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік
Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарынан 100-ге жуық спортшы
қатысады.Оның ішінде елімізге белгілі мәнерлеп сырғанаушы, қызылордалық
Элизабет Тұрсынбаева өнер көрсетеді.

Жарыстың басталуы 20 желтоксан күні сағат 10.00-де, салтанатты ашылуы 12.00-де өтеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз