Қызылордада мәнерлеп сырғанаудан ел чемпионаты өтті

57

0

Қызылордада мәнерлеп сырғанаудан ел чемпионаты өттіҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 20-21 желтоқсан күндері Қызылорда қаласында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты аяқталды.

Жарыста еліміздің 6 облысынан 60-қа жуык спортшы бақ сынасты. Аталмыш додада 14 ҚР спорт шеберлері, 19 спорт шеберіне үміткерлер және 17 бірінші спорттық разрядты спортшылар қысқа және еркін бағдарламалар бойынша өнер көрсетті.
Чемпионаттың қорытындысынде бірінші спорттық разряд бойынша қыздар арасында: 1-орын Гүлжан Жұмаділова (Алматы облысы), 2-орын Злата Рязанова (Астана қаласы), 3-орын Милена Ким (Астана қаласы).
Ұлдар арасында: 1-орын Рахат Бралин (Астана қаласы), 2-орын Асаналі Жакишев (Қарағанды облысы), 3-орын Алан Хайдаров (Алматы қаласы).
Спорт шеберіне үміткерлер бойынша қыздар арасында: 1-орын Алана Тоқтарова (Алматы қаласы), 2-орын Алина Сыдықова (Астана қаласы), 3-орын Дана Тұрсымбаева (ОҚО).
Ұлдар арасында: 1-орын Никита Манько (Астана қаласы), 2-орын Молдияр Есеев (Алматы қаласы), 3-орын Диас Нурмет (Астана қаласы).
ҚР спорт шеберлері бойынша қыздар арасында: 1-орын Элизабет Турсынбаева (Қызылорда облысы), 2-орын Айза Имамбек (Алматы қаласы), 3-орын Регина Глазман (Алматы қаласы).
Ұлдар арасында: 1-орын Абзал Рақымғалиев (Алматы облысы), 2-орын Данир Адылов (Алматы қаласы), 3-орын Артур Панихин (Алматы қаласы).
Мәнерлеп сырғанаудан ҚР спорт шеберлеріне жарыстың бас демеушісі «Казгермұнай» компаниясы ақшалай сыйақы тағайындады.Қыздар арасында 1-орынға 500 мың теңге, 2-орынға 100 мың теңге, 3-орынға 50 мың теңге, ұлдар арасында 1-орынға 50 мың теңге, 2-орынға 30 мың теңге, 3-орынға 20 мың теңге табысталды. Сонымен қатар, компанияның атынан жарыстың барлық катысушыларына ауыр атлетикадан 4 дүркін Әлем, 2 дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильиннің суреті бейнеленген футболкалар және сайыстың төрешілері мен жаттықтырушыларына естелік сыйлықтар берілді.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің диплом, медальдарымен марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз