Қызылордада ұн тартатын өндіріс орны іске қосылмақ

66

0

Қызылордада ұн тартатын өндіріс орны іске қосылмақҚызылордада ұн тартатын өндіріс орны іске қосылады.

«Кеңес одағы кезінде Арал ауданында ұн тартатын диірмен кешені болды. Кейін өндіріс шикізатының тапшылығы салдарынан оның жұмысын тоқтатуға тура келді», – дейді облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Мұрат Имандосов.

Бүгінгі күні құрама жем өндіріп келе жатқан «Жан-Арай жем» ЖШС бұдан әрі ұн тартатын цехтың жұмысын жандандыруды жоспарлап отыр.

Қазір аталған жобаны іске асыру үшін салааралық байланыс орнатылып, мәселені шешу жолдары қарастырылуда. Ұн шығаратын аграрлық кәсіпорын қажетті шикізатпен қамтамасыз етілетін болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз