Қызылордада нашақорлық қасіреті театрда сахналады

45

0

Қызылордада нашақорлық қасіреті театрда сахналадыҚызылордада облыстық ішкі істер департаменті, Есірткі бизнесіне қарсы
күрес департаменті және облыстық мәдениет басқармасының бірлескен жұмысы
нәтижесінде «Қандыөзек» спектаклі көрермен назарына жол тартты.

Мәдени
шараның мақсаты – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында
есірткіден азат қоғамды қалыптастыру, жастар арасында салауатты өмір
салтын насихаттау, бүкіләлемдік зұлматқа айналып отырған дерттің кең
етек жаюының алдын алу болды.

Бұл туралы ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Спектакльдегі оқиға нашақорлық жолына түсіп кеткен бозбаланың ғұмыры
төңірегінде өрбіп, сол жанның трагедиялық өмірі мен өлімін суреттейді.
Әртістер нашақорлық қасіреті түгелдей бір отбасының бақытын жалмап
кеткендігін, нашақорлардың тағдырын, келеңсіз өмірінің ащы шындығын
көрерменге шебер жеткізе білді.

Көрермендер үшін тегін қойылған қойылым олардың көңілінен шығып, ризашылығына бөленді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз