Қызылордада қоғам белсенділері жер мәселесін талқылады

77

0

Қызылордада қоғам белсенділері жер мәселесін талқыладыҚызылордада «Достық үйінде» облыстық қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. 
Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың
төрағалымен болған жиында жер мәселесі талқыланды. Басқосуға қоғам
белсенділері, саяси партия филиалдарының жетекшілері, қоғамдық
ұйымдардың, ардагерлер мен жастар ұйымдарының басшылары, ассамблея мен
азаматтық альянс мүшелері қатысып, ой-пікірін ортаға салды.
Алдымен Қызылорда облыстық жер
қатынастары басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев жер туралы
заңнаманың талаптары мен мораторий жарияланған баптары жайлы хабарлама
жасады. 
Өздеріңіз білетіндей, Елбасы Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев Жер кодексінің қоғамда пікір-талас тудырған бірқатар
нормаларына 2017 жылға дейін мораторий жариялап, осы мәселені қоғам
өкілдерімен бірге жан-жақты зерттейтін республикалық комиссия құрылды.
Оның құрамында Сыр өңірінен облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы, белгілі
ауыл шаруашылығы саласының маманы, кәсіпкер Самұрат Имандосов бар. 
– Кез келген мәселені өркениетті
жолмен шешуге болады. Біздің елде оған қажетті саяси ниет те, құрал да,
жол да бар. Сондықтан көшеге шығып, айқай-шудың ортасында тұрып, ымыра
іздеудің реті жоқ. Одан пайда болмайтыны анық, – деді облыс әкімі
Қ.Көшербаев.
Қоғам белсенділері өз ойларын айтып,
ұсыныстарын ортаға салды. Мәселен, Ә.Мәмбетәлиев жердің тұздануын,
сапасын бақылаудың нәтижелері туралы, зейнеткер С.Аңсатов кезінде
таратылған жер үлестері туралы сауал қойды. Облыстық мәслихат депутаты
Ш.Әбдікәрімов жер үлесін пайдалануға орай түсіндірме жұмыстарын белсенді
жүргізудің маңызына тоқталды. Бұл мәселені нақтылап беру үшін
мамандарға ұсыныс беріледі. 
«Ауған соғысы ардагерлері мен
мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғ.Камалов жер консорциумын
құрып, жер алуға ынталы азаматтар сол консорциумға ақша құйса, мемлекет
сақтандырса деген ұсынысын жеткізді. С.Теңізбаев жергілікті мәслихат
депутаттары сайлаушыларымен кездесіп, ой-пікірлерін жинақтау керектігін
айтты. Облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов депутаттардың халықпен
кездесулері, қоғамдық қабылдаулар кестеге сай жүргізіліп жатқанын
баяндады. 
Берілген ұсыныстарды қоғамдық кеңес хатшылығы қағаз бетіне түсіріп, республикалық комиссия назарына ұсынады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз