Қызылордада «Облачное видеонаблюдение» жобасы жүзеге асырылуда

69

0

Қызылордада «Облачное видеонаблюдение» жобасы жүзеге асырылудаҚызылорда облысының прокуроры Х.З.Дәуешовтің төрағалық етуімен «Қазақтелеком» АҚ әкімшілік ғимаратында ұрлықтың алдын алуда озық технологияларды пайдалану тиімділігі тақырыбында көшпелі үйлестіру кеңесі болып өтті, – деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Сейіл Ботакөз.
Кеңеске құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, облыс әкімінің орынбасары, кәсіпкерлер, сонымен қатар, «Қазақтелеком» АҚ, кәсіпкерлер палатасы өкілдері мен ПИК төрағалары қатысты.
Наурыз айында ұрлықпен күрес жағдайы уәкілетті мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік Палатасы  басшыларының қатысуында облыстық прокуратураның алқа отырысында қаралып,  бағыт бағдарлар беріліп, жеке меншік пен кәсіпкерлерлік объектілерін бейнебақылау камераларымен қамтамасыз ету туралы шаралар әзірленген болатын.
Отырыста облыс прокуроры статистикалық мәліметтерге де тоқталып өтті: биылдың өзінде бейнекамерамен жабдықталмаған 232 дүкеннен 21 млн. астам сомадағы мүліктер ұрланған. Бұған 1063 сауда орнының 149-ы немесе 14% бейнебақылау камераларымен жабдықталғаны дәлел бола алады.
«Қазақтелеком» АҚ Қызылорда облыстық телекоммуникациялар дирекциясының бас директорының орынбасары, коммерциялық директоры  А.А.Айсаева қоғамдық орындарда, кәсіпорындарда мен көп қабатты үйлерде орын алатын құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Қазақтелеком» АҚ «Облачное видеонаблюдение» жобасы әзірленіп, оның ұрлық санын төмендетіп, азаматтардың қауіпсіздік жүйесін жетілдіріп, жаңа құқықбұзушылықтың алдын алуда септігін тигізетінін атап өтті.
Нақтыласақ, тұрғындар ай сайын төлемақы төлеп (350 теңге) смартфоннан онлайн-режим арқылы өздігімен үй-жайларын бақылап отырады. Сонымен қатар, жеке кабинет арқылы мұрағат жазбаларын қарауға да мүмкіндіктері бар.
Талқылау барысында облыс прокуроры Х.З.Дәуешов ұрлықтың алдын алудағы жаңа тәсілдерге назар аударды. Азаматтар мен кәсіпкерлерді осы процеске қатыстыра отырып, сонымен қатар, инновациялық технологиялар мен шетелдің оң тәжірибелерін пайдалану қажеттігін айтты.
Мысалы, 5 жарым млн. халқы бар Сингапур қаласындағы қоғамдық жердің 90 пайызы бейнекамерамен бақыланады. Полиция қызметкерлері  әрбір құқық бұзушылық орына барып, тексеру жүргізбейді. Барлығы сол бейне камера арқылы әшкере етіліп, тәртіп бұзған қылмысқа барған адамдардың жауаптылығы шешілуде.
Қазіргі таңда «Білім беру мекемелерінде құқықбұзушылықтың алдын алу» жобасымен облыстың барлық мектептерінде бейнебақылау камералары орнатылып, нәтижесінде мектептерде бірде-бір қылмыс тіркелген жоқ.
Сондай-ақ, мал ұрлығына тосқауыл қоюда облыстың «Батыс-Қытай-Батыс Европа» жол торабында орналасқан аудандардың,  ауылдардың кіретін және шығатын жолдарына бейне камералар орнату туралы бастама көтеріліп, облыс әкімімен қолдау тапты. Бүгінгі күні камералар орнатылып, ұрлық пен басқа да қылмыстарға тосқауыл болады деген сенімдеміз, -деді облыс прокуроры Халидулла Дәуешов.
Жапония полициясының жұмыс тәжірибесін мысалға ала отырып, қоғамдық орындарда, сонымен қатар, Қызылорданың қылмысқа тәуекел учаскелерде стационарлық полиция пунктерін орналастыру жоспарлануда. Себебі, бұл тәжірибе Самара қаласында жүзеге асырылуда, осы жылдың наурыз айында облыс прокурорының орынбасары, ІІД бастығы және облыс әкімдігі аппаратының басшылығынан құралған топ олардың тәжірибесін зерттеп, стационарлық полиция пунктерінің үлгісі мен жазбаларын алды.
Үйлестіру кеңесі отырысындағы ұсыныстар барлық қатысушылармен оң бағаланды.
Облыс прокуроры Х.З.Дәуешов қорытындылай келе, қылмыспен күрес –бұл тек полицияның жұмысымен ғана шектеліп қоймай, оған мемлекеттік органдар, кәсіпкерлік қоғамдастықтар, өз мүліктерінің сақталуына енжарлық танытпайтын қала тұрғындары да өз үлестерін қосу қажет екенін атап өтті.   
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз