ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМДАРЫ ДҮКЕНІ АШЫЛДЫ

89

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМДАРЫ ДҮКЕНІ АШЫЛДЫКеше Қызылордадағы «Қорқыт Ата» халықаралық әуежайы ғимаратында алғаш рет қолөнер шеберлерінің бұйымдары дүкені ашылды, деп хабарлады облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасынан.

    Бастама облыс әкімдігі мен БҰҰ Даму бағдарламасы облыс бойынша өкілдігімен бірлесіп қолға алынды. Маңызды шараның мақсаты – 2017 жылы Астана қаласында өткізілетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Қызылорда облысына келетін туристер мен қонақтарды жергілікті қолөнер шеберлерінің бұйымдарымен қамтамасыз ету, жергілікті қолөнер шеберлеріне мемлекеттік қолдау. Сондай-ақ алдағы уақытта туристерге арналған кәдесый өндірісін дамыту, ұлттық нақыштағы бұйымдарды насихаттау.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз