Қызылордада отандық киім тігілуде

48

0

Қызылордада отандық киім тігілудеҚызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек
Жақсылықов Қызылордадағы ерлер жейделер тігетін фабриканың жұмысымен
танысты. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
хабарлады.

Танысу жұмыстарына қатысты палата директоры: «Облысымызда Қызылорда қаласындағы «Димаш» ерлер киімі дүкенін
білмейтін адам жоқ шығар. Себебі аталмыш киім дүкенінен заман талабына
сай, кез келген жас иесіне арналған сәнді ерлер киімдерін табуға болады.
Дүкен иесіДілмұхамед Абызов бауырымыз бұған дейін киімдерді сырттан
алдыртып келген болатын. Кейін ойлана келе өзімізде ерлер жейдесін
тігуді қолға алған. Аймаққа таңсық, тың саланы енгізу үшін түркиялық
мамандарды шақыртқан екен. Бүгінде фабрикада 30-ға жуық адам жұмыс
жасауда. Көңіл қуантқаны – жұмысшылардың дені жастар. Кәсіпкер
бауырымыздың жұмысымен танысу барысында көйлекті тігудің барлық процесін
өз көзімізбен көрдік. Жұмыс процесі қызық әрі қиын екен. Тіпті жейденің
жаға, жеңін бұрыштап, қырлап әзірлеудің өзі арнайы бір технологиямен
жасалуда. Тігін фабрикасының өнімдері әзірге ел нарығына шығарылады,
Ділмұхамед бауырым болашақта Ресейден бастап алыс-жақын шет елдерге де
экспорттауды жоспарлауда. Аймақтың ғана емес, еліміздің жеңіл өнеркәсіп
саласына қомақты үлес қосып отырған кәсіпкердің бастамасына сәттілік
тілейміз. Біз Кәсіпкерлер палатасы өз тарапымыздан қолдау шараларын
жүргізетін боламыз», – деді.

Ал кәсіпкер Ділмұхамед Абызов жаңа тауарларға
қатысты: «Біздің ерлер көйлектеріміздің матасы әр түрлі түсте және түрлі
модельді қамтыған. Біздің мамандарымыздың тапсырыс берушінің кез келген
сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндігі бар. Оның үстіне күн өткен сайын
жаңа үлгілерді де енгізіп жатырмыз. Біз де тапсырыс берушілердің бірнеше
мүмкіндігі бар: тұтынушылар қоймадағы дайын өнімдерді ала алады немесе
өздері ұсынған үлгі негізінде тіктіре алады. Мұнан өзге, біздің
өнімдеріміздің бағасы тұтынушылар үшін қолжетімді, өзге шет елдік
өнімдерге қарағанда анағұрлым төмен», – деп өз ойымен бөлісті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз