Қызылордада отау құрып жатқан жастар дауыс берді

75

0

Қызылордада отау құрып жатқан жастар дауыс бердіБүгін Қазалы ауданының тұрғындары кезектен тыс Президент сайлауына қатысып, дауыс берді. Дауыс беру таңертеңгі сағат жетіде басталды.

Кенттегі Жанқожа батыр атындағы 70 мектепте орналасқан №57 сайлау учаскесіне дауыс берушілер белгіленген уақыттан ерте келе бастаған. Бұл халықтың белсенділігін көрсетсе керек.

Әсел Қожамұратова үшін бұл күн – ерекше күн. Себебі, ол бүгін ең алғаш рет дауыс беріп, маңызды шараға өз үлесін қосты.

№57 учаскелік сайлау комиссиясы төрағасының айтуынша, халықтың сайлауға қатысуға деген белсенділіктері өте жоғары. Сондай-ақ, белсенді сайлаушыларға сыйлықтар берілуде.

Осындай сыйлық алған жандардың бірі – 85 жастағы Рабиға Көпешова. Ардагер ұстаз 500-ші болып тіркеліп, күтпеген жерден сыйлыққа ие болды.

Еркебұлан мен Арайлым есімді жұптар үшін де бүгін айрықша күн болды. Себебі, отбасылық өмірге қадам басатын бақытты күндерін жастар осы күнге туралапты. Және жас отбасы елеулі күнде қол ұстасып келіп, өз таңдауларын жасады. Ел үшін маңызды күнде бас қосқан олар алдағы өмірлерін ашық та жарқын елестетеді.

Сайлауға өз үлестерін қосып, өз таңдауларын жасаған азаматтар елдің болашағы нұрлы болатынына кәміл сенеді. Сайлау кешкі сағат сегізге дейін жалғаспақ.

Қазалы ауданы бойынша 38 сайлау учаскесінде 38813 сайлаушы тіркелген. Оның 88 пайызы, яғни 34159 адам сағат 16.00-ге дейін дауыс беріп үлгірген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз