Қызылордада оқушы қызды зорлаған ер адам іздестіріліп жатыр

49

0

Қызылордада оқушы қызды зорлаған ер адам іздестіріліп жатырОқиға таңертеңгі уақытта болған. Сабаққа кетіп бара жатқан 12 жастағы қызды күдікті көпқабатты үйдің алдынан ұстап алып, жертөлеге апарып, өзінің жымысқы әрекетін жүзеге асырған дейді, полицейлер. Қазіргі таңда қалалық ішкі істер басқармасының тергеу бөлімімен қылмыстық іс қозғалған.

Қызылорда облыстық ІІД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Сәкен Әбдіқаппаровтың айтуынша, ҚК-тің 121-бабының 4-бөлігімен, яғни кәмелетке толмаған тұлғаға қатысты нәпсіқұмарлық сипаттағы іс-әрекеттер жасауға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергелуде.

Қазіргі таңда тергеудің құпиялығына сай басқа мәліметтер жарияланбайды. Күдікті әлі қолға түскен жоқ. Оның жас шамасы әзірге айтылмай отыр. Фотороботы да жасалмаған. Ал ұсталып, кінәсі дәлелденген жағдайда 10 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз