Қызылордада полиция бастығы өзінің қызметкерін өлтірген

68

0

Қызылордада полиция бастығы өзінің қызметкерін өлтіргенҚызылорда өзінің бұрынғы қызметкерін өлтірді деген күдікпен қамауға алынған экс-полицейге қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды tv7.kz.
Естеріңізде болса, ақпан айында мектеп инспекторы болып қызмет атқаратын Нұрбек Шөменов із-түссіз жоғалып, артынша мәйіті табылған еді. Ал көлігін қала шетінде әлдекімдердің өртеп жібергендігін айтқан болатынбыз. Осы оқиғаға қатысты Нұрбектің бұрынғы бастығы Берік Шимановтан өзге үш сыбайласының үстінен бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғалуда.
Елдің жағасын ұстатқан оқиға-мектеп инспекторы Нұрбек Шөменовтың қазасына күдікті ретінде үш адам қамауда отыр. Ал біреуі қолхатпен  босатылған. Басты сезікті  қалалық ІІБ ювеналды полиция бөлімінің бұрынғы бастығы Берік Шиманов.
Оның қарамағындағы  қызметкеріне тіс қайрауына қырық мың теңге пара алды деген арызы себеп болды деген болжам бар. Алты айға жуық  жүргізілген тергеу кезінде жиырма алты том материал жинақталыпты.  
Іске куә ретінде жүз бір адам тартылған. Төрт сезіктіге адам өлтіру, алаяқтық, қаруды заңсыз алып жүру, бөтен адамның мүлкін қасақана бүлдіру, құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді ұрлау, қызметтегі әрекетсіздік, қылмыс туралы хабарламау сынды айып тағылып отыр.
Арада біршама уақыт өтсе де, қаза болған полиция қызметкері жақындарының жүрегіндегі жара әлі жазылған жоқ.
«Артында қалған қос құлыны әкелерін сұрағанда сағынышын қалай басарын білмеймін»,- дейді Нұрбектің жары.  Сондықтан соттан боталарын боздатқандар қатаң жазаланса деп сұрайды.
«Отделдің бастығы Шимановтың өзі өлтіріп отыр қасақана. Бұл жерде ұйымдасқан түрде. Өйткені екі қызметкер бар. Соттан әділ шешім күтемін. Енді негізінде мен өлім жазасын ғана күтемін. Немесе өмір бақи бас бостандығынан айырсын. Өйткені кеткен адам қайтып келмейді. Себебі адамның тағдыры шешіліп тұр бұл жерде. Менің екі баламның тағдыры қалай болады ертең», – дейді Нұрбек Шөменовтің  жары Гүлмира Сансызбаева.
Айта кетейік, жан түршігерлік оқиға ақпан айында болған еді.  Нұрбек Шөменов із-түссіз жоғалып өртке оранған көлігі қала шетінен табылған еді. Ал артынша мүрдесі бейіттердің бірінен қазылып алынған болатын. 
Қазақстан ІІМ тарихында бұрын соңды болмаған бұл қанды оқиға кімге болса да оңайға соқпады. Осыдан соң, қалалық ІІБ ның бастығы мен бірнеше қызметкері креслосымен қош айтысты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз