Қызылордада Президент шыршасы өтті

92

0

Қызылордада Президент шыршасы өттіБүгін Қызылордада ҚР Президентінің жаңа жылдық
шыршасы өтті. Сән-салтанатқа толы мерекелік шараға оқуда
озат, спортта, өнерде алда жүрген жеткіншектер мен әл-ауқаты төмен көпбалалы
отбасыларының балалары, жалпы саны
200 оқушы қатысты.

Балаларды Елбасы Нұр­сұлтан
Назарбаев үлкен экран арқылы келе жат­қан Жаңа жылмен құттықтап, мол бақыт, зор
денсаулық, оқуда озат болуға тілектестігін білдірді.
Мұнан кейін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев
балдырғандарды  келе жатқан Жаңа жыл­мен
құттықтады.
 –  Бүгінгі Президент шыршасына ең талантты және
үлгерімі үздік оқушылар қатысып отыр. Сендерді 
жаңа жылдарыңмен құттықтаймын.  Тәуелсіздікті
қастерлей білетін, өз Отанын жанындай сүйетін еліміздің нағыз патриоты болып
өсіңіздер, – деді облыс әкімі.
 Аймақ
басшысы Президенттік шыршаға қатысқан әрбір балаға ноутбук табыс етті.
Елеулі оқиғалармен, жақсылығымен
ел есінде қалып бара жатқан Жылқы жылымен қимай қоштасып, жаңа Қой жылын қошеметтеп
қарсы алған тамаша да тартымды көріністер көпшілікті тәнті етті.  

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз