Қызылордада ҚР IV Жастар спорт ойындары басталды

72

0

Қызылордада ҚР IV Жастар спорт ойындары басталдыҚызылорда қаласындағы «Евразия» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының   IV  Жастар спорт ойындарының салтанатты ашылу рәсімі  болып өтті. Төрт жылда бір мәрте ұйымдастырылатын айтулы додаға Астана, Алматы қалалары мен  облыстардың спортшылары спорттың 35 түрінен бақ сынайды. 
Мақсаты – жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және жоғары білікті спортшыларды іріктеу. 
Бағдарлама аясындаҚызылордада гандбол және тоғызқұмалақ жарыстары өтуде. Тоғызқұмалақ 10 сәуірге, гандбол ойындары 12 сәуірге дейін жалғасады. 
Жастар ойындарына қатысушыларды облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов құттықтады. 
Спорт ойындарының алауын жағу құрметінеауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері Евгений Ломанов, дзюдодан жастар арасында Әлем чемпионы Мағжан Шамшадин, 
дзюдодан жасөспірімдер Олимпиада чемпионы, тұңғыш Әлем чемпионы Бауыржан Жауынтаев ие болды. 
Сайыстарды әділ жүргізуге төрешілер атынан тоғызқұмалақтан жоғары ұлттық дәрежедегі төреші, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, жарыстың бас төрешісіАйнұр Жақапбаева, спортшылар атынан каратэ-додан Әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай ант берді. 
Жастар ойындары республиканың барлық аймақтарында шілде айына дейін жалғасып, бірінші шілдеде Ақтөбе қаласында теннис жарыстарымен жабылу салтанаты өтеді. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз