ҚЫЗЫЛОРДАДА ӨҢІРДІ ДАМЫТУ КАРТАСЫ ӘЗІРЛЕНУДЕ

69

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА ӨҢІРДІ ДАМЫТУ КАРТАСЫ ӘЗІРЛЕНУДЕҚызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдерін өңірді дамыту картасын бірлесе әзірлеуге шақыруда.
    Айта кету керек, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазір
республика көлемінде кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне зерттеу жүргізуде.
Негізгі мақсат – экономиканың қай саласында және өңірлерде қандай бизнес
түрлерін дамыту қажеттігін анықтау.
    Бүгінде Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы өңірді дамыту
картасын әзірлеуді тиімді ұйымдастыру үшін құрамында жергілікті атқарушы
орган мен Палата өкілдерінен тұратын жұмысшы тобын құрып, аймақтың
әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің паспортын әзірледі. Бизнес
өкілдерінің кәсіпті жүргізуге жасалған жағдайға қатысты көзқарасын білу
үшін сауалнамалар жүргізуде. Бұл шараларды «Инвестиция тиімділігін
зерттеу Агенттігі» ЖШС және «Қазақстандық индустрияны дамыту институты»
АҚ мамандарымен бірге жасалып жатыр.
    Аталмыш орталық мамандары облыс орталығы, аудан, ауылдық жерлерде
болып кәсіпкерлермен, тұрғындармен, жергілікті атқарушы органдардың,
қаржы институттарының өкілдерімен кездесіп, сұхбаттасты. Бұл шаралар
аймақтағы бизнес әлеуетін көтеруге, жетілдірмек.
    Есепті кезеңде облыстың 280 кәсіпкерден сауалнама алынды. Бұл
көзделген жұмыстың 54 пайызы ғана. Осы ретте Қызылорда облысының
кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерді ұйымдастыру жұмыстарына, нақтырақ
айтқанда сауалнамалар мен сұхбаттарға белсенді қатысып, өзекті
мәселелерді ортаға салуға шақыруда.
    Сауалнама мен сұхбаттарға қатысу кәсіпкерлерге не береді? Әкімшілік
кедергілерді анықтауға, шешуге септігін тигізеді. Кәсіпкерлерді дамыту
картасы аясында республикалық ірі кәсіпкерлердің бірыңғай базасы
әзірленіп, әлеуеті жоғары кәсіпкерлерді аталмыш базаға енгізуге
мүмкіндік жасалмақ. Осы база арқылы кәсіпкерлер Қазақстан бойынша
әріптестер тауып, тиімді әріптестік қарым-қатынас орната алады.
    Жыл соңына дейін әзірленетін Өңірді дамыту картасы аймақтың
кәсіпкерлік саласындағы әлеуетін, басым бағыттарын анықтап, халықтың
сұранысынын қанағаттандырады деп күтілуде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз