Қызылордада салынып жатқан тұрғын үй құлап, бір адам қаза тапты

81

0

Қызылордада салынып жатқан тұрғын үй құлап, бір адам қаза таптыКеше 24 наурыз күні 17 сағат 20 минут шамасында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне Қызылорда қаласы, Шүкіров көшесінде болған жағдай туралы хабарлама түскен.

Хабарламада салынып жатқан 5 қабатты 35 пәтерлік тұрғын үйдің іргетасы бұзылып, ғимараттың үстіңгі қабатындағы бетонның ғимарат ортасына құлағаны айтылған. Оқиға орнында 10 жұмысшы болған.

Оқиғадан зардап шеккен 1957 жылы туған Мырзамбет Құдайберген жараланып, қалалық аурухананың неврология бөлімшесіне жатқызылған. 1971 жылы туған Қарымсақов Нұрлан медициналық көмектен кейін, үйіне қайтарылды.

Құрылыс алаңында оқиға болған жерден ұлты өзбек 27.07.1975 жылы туған Екамов Өткелбек Мұхтарұлының мәйіті табылды.

«Жаңа құрылыс басында жоғарыда аталған 10 азаматтан басқа жұмыс жүргізген адамдардың болмағандығы учаске басшысы түсінігінде көрсетілді», делінген хабарламада.

Қызылорда облыстық Ішкі істер департаменті тиісті тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Аталған құрылысты салушы мердігер мекемеге Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 279-бабы 1-тармағымен (сәулет құрылыс қағидаларының бұзылу туралы) қылмыстық іс қозғалды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз