Қызылордада сенбілік өткізілді

46

0

Қызылордада сенбілік өткізілдіҚалада санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында  15 наурыз бен 17 мамыр аралығы тазалық айлығы болып жарияланған болатын.
Өткізілген жалпыхалықтық сенбіліктерге қатысушылар қала көшелеріндегі ағаштарды әктеп, арық жүйелері, жаяу жүргіншілер жолдары мен мекемелер аумағын тазартуға үлес қосуда. 5 сәуірде ұйымдастырылған сенбілік жұмыстарына  4000-ға жуық адам қатыстырылып, 34 арнайы техника жұмылдырылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде сенбілік жұмыстары жүргізілген аумақтағы ағаштар әктеліп, арық жүйелері тазартылды және көлемі  60,0 текше метр қоқыс шығарылды. Сонымен қатар,  Жібек жолы көшесінің бойына 1700 дана ағаш көшеттері (сыр талы, терек) отырғызылды. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз