Қызылордада шахматтан Қазақстан чемпионаты өтеді

61

0

Қызылордада шахматтан Қазақстан чемпионаты өтедіҮстіміздегі жылдың 20-31 наурызы аралығында Қызылорда қаласында жасөспірімдер арасында шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.

Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, республикалық және облыстық шахмат федерацияларының ұйымдастыруымен өтетін жарысқа Астана, Алматы қалалары мен еліміздің барлық облыстарынан 450-ге жуық шахматшы шеберлік байқасады.

Жарыс швейцар жүйесі бойынша 9 турдан өтеді. Бағдарлама бойынша классика, рапид және блиц түріне 8 және 18 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар мен қыздар қатысады. Аталмыш бәсекеде Қызылорда облысының намысын 37 спортшы қорғайды.

Жарыста 1-3 орынды иеленген спортшылар қараша айында Оңтүстік Кореяда өтетін Азия чемпионатына, мамыр айында оқушылар арасында Тайландта және қазан айында жасөспірімдер арасында Грекияда болатын Әлем чемпионаттарына қатысады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз