Қызылордада шахматтан Қазақстан кубогының II кезеңі басталады

49

0

Қызылордада шахматтан Қазақстан кубогының II кезеңі басталады24-30 маусым аралығында Қызылорда қаласында Аралбай Махамбетов
мемориалына арналған шахматтан жасөспірімдер арасында ҚР Кубогының II
кезеңі басталады, – деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметінен.

Оған Астана, Алматы қалалары мен
Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Павлодар, Қостанай, Батыс Қазақстан,
Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарынан 140
шахматшы қатысады.

Ел кубогында 10 және 14 жас аралығындағы жасөспірім
ұлдар мен қыздар шеберлік байқасады. Жарыс швейцар жүйесі бойынша 9
турдан өтеді. Әр ойыншыға 2 сағаттан уақыт беріледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз