Қызылордада үшем дүниеге келді

45

0

Қызылордада үшем дүниеге келдіҚызылорда облыстық перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді. Мұндай
жағдай биылдыққа өңірімізде бірінші рет тіркелді, деп хабарлайды облыс
әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Екі қызды бағып-қағып отырған 36
жастағы Дина есімді байқоңырлық келіншек біраздан бері ұл сүюді армандап
жүрген еді. Оның арманы орындалды: өмірге бірден шекесі торсықтай үш
ұлды әкелді.

– Аяғым ауыр кезде УДЗ-ге түскенімде үшем болатынын айтқан. Әрине,
біз қуандық. Қорқыныш сезімі де болғанын жасыра алмаймын. Бірақ
дәрігерлердің арқасында бәрі ойдағыдай болды. Оларға көп рахмет, – дейді
Дина.

Әзірге балалардың есімдері қойылған жоқ.

Айта кетейік, былтыр орталықта 72 егіз және 4 үшем туылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз