Қызылордада штаттар саны лимиті атқарылатын жұмыс көлеміне сәйкес емес

42

0

Бұл туралы ҚР Парламенті Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің көшпелі жиынында Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев баяндады.
– Үкімет тарапынан жергілікті өзін-өзі басқаруды кезең-кезеңімен енгізу және дамыту бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Дегенмен, аймақтарға белгіленген мемлекеттік қызметкерлердің штаттық саны атқарылатын міндеттер көлемімен және өңірдің халық санына сәйкес келмейді, – деді ол.
«Мәселен, халық саны 743 мың құрайтын Қызылорда облысында 1900 штаттық бірлік бөлінсе, 749 мың халқы бар Павлодар облысында штат саны 2800-ден асады. Яғни, 900 бірлікке артық. Айтпақшы, статистикалық мәліметте Қызылорда облысында 743 мың адам деп көрсетілгенімен медициналық есепте 823 мың адам тұр. Оған қоса, облыс -халықтың табиғи өсім көрсеткіштері бойынша республикада үздік үштікке кіреді» деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз