Қызылордада іскер әйелдер кеңесі құрылды

97

0

Қызылордада іскер әйелдер кеңесі құрылдыБүгін Сыр өңірінде белсенді кәсіпкер
әйелдердің отырысында  Қызылорда
облысының іскер әйелдер Кеңесі құрылды. Кеңес облыстық Кәсіпкерлер палатасы
жанында жұмыс жүргізетін болады. Өңірлік кеңес төрайымы болып Қызылорда облысы
бойынша халыққа қызмет көрсету орталығының директоры Аида Ибрагимқызы
Әбибуллаева сайланды, деп хабарлайды
Қызылорда облысының кәсіпкерлер
палатасының баспасөз қызметі.

Кеңестің алғашқы отырысын
жүргізген ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасы төрағасы хатшылығының
жетекшісі Ләззат Рамазанова іскер, әлеуметтік белсенді әйелдердің дәрежесін
көтеру, кәсіппен айналысып жүрген әйелдерге қолдау көрсету мақсатында Ұлттық
кәсіпкерлер палатасының бастамасымен әр өңірде Кәсіпкерлер палатасының
жанынан  іскер әйелдер Кеңесі құрылып
жатқандығын жеткізді.
Кеңес – әлеуетті
бизнес-идеяларға, жобаларға қолдау көрсетіп, өз ісін енді бастаушы кәсіпкер
қыз-келіншектерге ұйымдастырушылық, әдістемелік, кеңес берушілік және
ақпараттық тұрғыдан көмектесетін болады.   
Осы ретте, Ләззат
Рамазанова «Біз үшін ауылдық елді
мекендерде де әйелдер бизнеске келіп, белсенді жұмыс жасағаны аса маңызды»,
– деді.
Өңірлік кеңес
ауылдық елді мекендердің, облыстың және республиканың іскер әйелдерін
байланыстыратын көпірге айналатын болады. Ол үшін жергілікті жердегі әйелдер
кәсіпкерлігінің ерекшелігі: мықты және әлсіз тұстары сараланып, өз ісін жаңа
бастаушылар үшін оқыту семинарлар, тренингтер т.б. шаралар ұйымдастырылмақ.
 Қазақстанда әйелдер
кәсіпкерлердің бастамасын дамыту бойынша оң тәжірибелер жеткілікті. Өз
кезегінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға жан-жақты
қолдау көрсететін болады. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз