Қызылордада соңғы екі жылда 21 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

51

0

Қызылордада соңғы екі жылда 21 мыңнан астам жұмыс орны ашылдыҚызылорда облысында соңғы екі жылда 21 мыңнан астам, соның ішінде 18 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев халық алдындағы есепті кездесуінде мәлім етті.

– Тек жұмысы тұрақты, жалақысын ай сайын алатын адам ғана болашағына сенімді болады. Сондықтан бұл өте маңызды мәселе деп білеміз. Бар жұмыс орындарын сақтау, жаңасын ашу – қашан да біздің ең негізгі шаруамыз, – деді аймақ басшысы.

Облыстың 2013-2014-ші жылдардағы бюджетті қосымша 44 миллиард теңгеге ұлғайды. Бұл қаражат аймақ үшін аса өзекті мәселелерді шешуге жұмсалды.

– Қызылорда облысы адам басына шаққандағы шығыс көлемі бойынша 2014 жылы Астана, Алматы қалалары мен Атырау облысынан кейінгі 4-орынға көтерілді. Ал әлеуметтік шығындардың үлесі бойынша бірінші орында тұрмыз. Біз жалпы бюджеттік шығындардың 60 пайызға жуығын әлеуметтік салаға береміз. Мәселен, білім беруді қаржыландыру 2014 жылы 2012-мен салыстырғанда 1,8 миллиард теңгеге, денсаулық сақтау саласы 1 миллиард теңгеге артқан. Сондай-ақ, әлеуметтік қорғау саласына бөлінетін қаржы 2,8 есеге, мәдениет пен спортқа 40 пайыздан артық, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы 2,3 есеге көбейген. Мұның барлығы ағымдағы шығындар емес. Құрылыс жұмыстарына, күрделі жөндеуге, жаңа құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсалған, дамуға бөлінген қаржылар, – деді Қ.Көшербаев.

Айта кетейік, өткен жылы облыс бойынша 93 нысанның құрылысы жүргізілді. Оның 53-і аяқталып, пайдалануға берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз