Қызылордада спорттық би байқауы өтті

62

0

Қызылордада спорттық би байқауы өттіҚызылорда облыстық ішкі істер департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастамасымен облыс көлемінде орта және арнаулы орта оқу орындары арасында «Берік отбасы есірткіден алыс!» ұранымен черлидинг спорттық би түрінен сайыс ұйымдастырылды.

ОІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сайыс барысында облыстағы оқу орындарынан 86 команда (2000 астам оқушы, студент) қатысты.
Жарыс қорытындысымен Қызылорда қаласының №3 мектеп – лицейі – 1 орын, Қармақшы ауданының №199 орта мектебі – 2 орын және Шиелі ауданының №48 орта мектебі – 3 орын.
Аумақтарда өткізілген сайыстар нәтижесі бойынша бірінші орын иегерлері Сырдария ауданының №131 орта мектебі мен №36 мектеп – лицейі, Жаңақорған ауданының №163 орта мектебі және Қазалы ауданының №234 орта мектебі болып танылды. Екінші орын иегерлері Арал ауданының №№83, 14, 19 орта мектептері мен Сырдария ауданының №210 орта мектебі болып белгіленсе, үшінші орынға Қармақшы ауданының №80 мектеп – лицейі, Қазалы ауданының аграрлы – техникалық колледжі, Шиелі ауданының Әуез мектебі, Қызылорда қаласының «Болашақ» колледжі лайық деп танылды.
Сонымен қатар, сайыс барысында ынталық танытқан командалар бөлек аталды, олар: Шиелі ауданының №46 мектеп – лицейі, №45 мектеп – гимназиясы, №№244 және 207 орта мектептері, Қазалы ауданының №70 орта мектебі.
Жеңімпаздарға Қызылорда ОІІД тарапынан бағалы сыйлықтар мен дипломдар бөлек ұйымдастырылған марапаттау рәсімінде тапсырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз