Қызылордада студенттер арасында спартакиада аяқталды

46

0

Қызылордада студенттер арасында спартакиада аяқталдыОблыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастарды қолдау орталығы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 1-5 желтоқсан аралығында Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай жоғары және орта арнаулы оқу орындары арасында облыстық спартакиада аяқталды.

Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Спорттың 7 түрін қамтитын бұл бәсекеде Қызылорда қаласынан 18 команда өнер көрсетті. Елбасының әр жылғы жолдауында атап көрсетілгендей бұқаралық спортты дамыту, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау мақсатында өткізілген спартакиадаға 1000-ға жуық студент жастар қатысты. Бес күнге созылған жарыс қорытындысына келетін болсақ, жалпы командалық есепте Қорқыт ата атындағы ҚМУ-ң командасы – бірінші, И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық-техникалық колледжі – екінші, ал М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі үшінші орынға ие болды.

Спартакиаданың жабылу салтанатында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев аталмыш сайысты қорытындылап, алдағы уақытта да дүбірлі доданың дәстүрлі түрде өткізілетінін жеткізді.

Спартакиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Жастарды қолдау орталығы» мемлекеттік мекемесінің диплом, кубок және естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз