Қызылордада студенттік бизнес-инкубатор жұмысын бастады

46

0

Қызылордада студенттік бизнес-инкубатор жұмысын бастадыҚызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының ықпалымен Сыр бойында студенттік бизнес-инкубатор жұмысын бастады.

Студенттік бизнес-инкубатордың жұмысы М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде басталып кетті. Бүгінде аталмыш оқу орнынан кәсіпке бейімі бар 25 студент таңдалып алынып, оқытылуда. Алдағы уақытта бұл бастаманы аймақтағы өзге де жоғары және орта арнаулы оқу орындарында жүзеге асыру көзделуде.
Бизнес-инкубатордың мақсаты – жастардың кәсіпкерлікке қызығушылығын арттыру, шағын кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы ахуал қалыптастыру, жастардың инновациялық және креативті идеяларын жүзеге асыруға қолдау көрсету.
Бизнес-инкубатордың жұмыс жоспары аясында студенттік бизнес-инкубаторларға қатысушыларды теориялық және практикалық тұрғыда оқыту, ісін жаңа бастаушы кәсіпкерлерге сервистік қызмет көрсету, бизнес-жоспарларды әзірлеу және жас кәсіпкерлердің алғашқы сатылымдарын ұйымдастыру жоспарлануда. Атап айтқанда, студенттер 1 ай көлемінде тегін оқытылып, қорытындысымен бизнес-жоспарын әзірлейді. Арнайы комиссиямен іріктелген үздік бизнес-жоба иелеріне колледж ғимаратынан тегін офис берілмек, яғни тегін офис, интернет және өзге де қызметтерді тегін алған жоба қатысушысы, бизнесіне алғашқы капитал жинап, өз кәсібін дамыту мүмкіндігіне ие болады.
Бұл жөнінде Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Жанна Сқакова:
«Болашақта нарық жағдайына бейімделген, тәуелсіз, білікті кәсіпкер – бизнес-инкубатордың негізгі көрсеткіші болмақ», – деді.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз