Қызылордада су тасқынына дайындық жүруде

43

0

Сырбойылықтар дарияда қайтадан сең жүруін күтіп отыр. Ауа райының сан құбылуына байланысты бір еріп, бір қатқан Сыр өзенінде қазір мұз сіресіп тұр, деп жазады 24.kz.
Қызылордалық құтқарушылар болса, Сырдарияның күрт еруінен туындайтын тасқынды болдырмаудың қамымен жүр. Өзен бөгетінің жырылып кету қаупі жоғары 56 бөлігі сала мамандарының ерекше назарында. Төтенше жағдай бола қалса, адамдарды орналастыратын жүзден астам қабылдау бекеттері дайындалған. Су тасыған жағдай да құйылатын қосымша арналар аршылып тазаланды. Мұз кептелген аумақтарға жасанды бөгеттер қойылады. 60 метрлік құрастырмалы гидротоспалар БҰҰ-ның Даму бағдарламасы арқылы алынған.
– Солтүстік аймақтарда мұздың қалыңдығы – 55 см. Ал қала төңірегінде қазіргі таңда 15-20 см болып тұр. Мұз қазір Қызылорда су торабынан жоғары 55 шақырым жерде Керкелмес су бекетінде тұр, – дейді облыс бойынша ТЖД бөлім басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Әшімов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз