Қызылордада «Сыбаға» бағдарламасы толықтай орындалды

46

0

Қызылордада «Сыбаға» бағдарламасы толықтай орындалдыҚызылорда қаласында «Сыбаға» бағдарламасы аясында жыл соңына дейін жоспарланған жұмыстар І жартыжылдықта толығымен орындалды. Бұл жөнінде қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар алдында есеп берген қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев хабарлады.
Осы жылдың 6 айында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 561 млн.теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 18,6 пайызға ұлғайды.  Биыл ауыл шаруашылығы құрылымдарымен 6696 гектар егін егіліп, негізгі дақыл түрі күріш 533 гектарға ұлғайтылды. Тауар өндірушілерге арзандатылған жанар-жағармай, тыңайтқыш, гербицид және су жеткізу қызметтеріне  125 млн.теңге субсидия төленуде. Мұндай қолдау мал шаруашылығы саласында да жүзеге асырылуда. Мал шаруашылығында барлық мал басы түрінен тұрақты өсім бар. «Есепті мерзімде «Сыбаға» бағдарламасы аясында жоспарланған жұмыстар 100 пайыз орындалды. Алынуға тиіс 200 бас мүйізді ірі қара және 10 бас асыл тұқымды ет бағытындағы бұқалар толық алынды» деп хабарлайды қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Балдырған Мәмен. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз