Қызылордада «Сыр сақшылары – 2015» мерекелік іс-шарасы өтті

31

0

Қызылордада «Сыр сақшылары - 2015» мерекелік іс-шарасы өттіҚызылорда облыстық ішкі істер депарменті Асқар Тоқмағамбетов атындағы
мәдениет үйінде 23 маусым – Қазақстан полициясының 23 жылдығына арналған
«Сыр сақшылары – 2015» атты мерекелік шара өтті.  

Мерекелік шара
барысында Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қасымов
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлының мерекелік құттықтау хаты оқылды. Мұнан соң
сөз Қызылорда ОІІД бастығы полиция полковнигі Ж.Сүлейменовке беріліп,
марапаттау бұйрығы таныстырылды.

«Қазақстан полициясы күні» мерекесіне орай, ҚР Ішкі істер министрінің
бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал орындаған 7 қызметкер
марапатталды. Оның ішінде ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі»
төсбелгісімен, 2 қызметкер, «Грамотамен», «Алғыс хатымен» бір-бір
қызметкерден марапатталса, 3 қызметкерге алғыс жарияланды. Ал, Қызылорда
қаласы ішкі істер басқармасының полиция капитаны Есеналиев Абайға
полиция майоры шені берілді. Шара барысында Қызылорда ОІІД бастығы
полиция полковнигі Ж.Сүлейменовтің бұйрығымен 235 қызметкер
марапатталды.

Сонымен қатар, мерекелік іс-шарада мереке қарсаңында полиция
қызметкерлеріне арнап ұйымдастырылған спорттық-мерекелік жарыстардың
қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі
өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз