Қызылордада Сырдарияның сол жағалауын игеру жөніндегі штаб құрылды

50

0

Қызылордада Сырдарияның сол жағалауын игеру жөніндегі  штаб құрылдыБұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев облыс активінің отырысында баяндады. 
– Өздеріңізге белгілі, бүгінгі таңда облыс әкімдігінің қызметіндегі басым бағыттардың бірі – Қызылорда қаласы аумағындағы Сырдария өзенінің сол жағалауын игеру. Жоспарға сәйкес, сол жағалауда 90 мың тұрғыны бар облыс орталығының жаңа бөлігі салынады. 13 желтоқсан күні Қызылорда қаласының бас жоспарымен көзделген үш көпірдің біріншісі пайдалануға беріледі,- деді облыс әкімі. 
Сол жағалауды игеру бойынша арнайы штаб құрылды. Штабтың жұмысшы органы ретінде «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы бекітілді. «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының сол жағалаудың құрылыс жұмыстарымен айналысатын бірінші орынбасары болып Ержан Әбдіқалықов тағайындалды. 
– Өздеріңіз білетіндей, Ержан Қыпшақбайұлы облыс­тық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып үш жылдан астам уақыт абыроймен қызмет атқарды.  Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары екендігін көрсетіп, облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін жетілдіруге елеулі үлес қосты,- деді аймақ басшысы.
Облыс әкімі Қ.Көшербаев  Е.Әбдіқалықовтың жаңа қызметіне табыс тілеп, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі  үшін Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз