Қызылордада таеквондодан облыс біріншілігі өтті

63

0

Қызылордада таеквондодан облыс біріншілігі өттіҚызылорда қаласында таеквондодан балалар – жасөспірімдер спорт мектептерінің 1998-1999 жылдары туылған оқушылары арасында облыс біріншілігі өтті, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген жарысқа Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен аудандардан 9 команда бақ сынады. Екі күнге сызылған жарыс нәтижесінде жалпыкомандалық есепте №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі топ жарды.

Қалған орындарды Шиелі ауданы мен №2 олимпиадалық резерв мектебі иеленді.

Жекелей есеп бойынша, ұлдар арасында жеңімпаз атанғандар: 45 келі: Нұрдәулет Жәнібеков (Сырдария ауданы), 48 келі: Мадияр Алдабергенов (№1ОРМБЖМ), 51 келі: Жасұлан Арықбай (Жалағаш ауданы), 55 келі: Дастан Рүстембек (№1ОРМБЖМ), 59 келі: Нұрболат Әбіласан (Түгіскен ауылы), 63 келі: Ғани Тілеубаев (Шиелі ауданы, Көкшоқы ауылы), 68 келі: Рустам Әлімов (№1ОРМБЖМ), 73 келі: Айтуған Махмутов (Байқоңыр қ.), +73 келі: Әнет Оспанов (№2ОРМБЖМ).
Қыздар арасында жеңімпаз спортшылар: 44 келі: Нұрай Манасип (№2 ОРМБЖМ), 46 келі: Динара Әбдіржан (№1ОРМБЖМ), 49 келі: Дамира Айдарова (Шиелі ауданы, Көкшоқы ауылы), 52 келі: Айнұр Есбергенова (№1ОРМБЖМ), 55 келі: Әсел Нағмеддинова (№1ОРМБЖМ), 59 келі: Гүлжайна Мұхтарова (Арал ауданы), +59 келі: Аружан Әбдіқадыр (Шиелі ауданы, Көкшоқы ауылы).

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз