
Жалдамалы үйді өзінің баспанасы ретінде көрсетіп, тағы біреудің 970 мың теңгесін қалтаға басқан. Одан бөлек «жұмысқа тұрғызамын, тез арада несие алып беремін», – деген жалған желеумен бірнеше адамның қомақты қаржысын алаяқтықпен алдап алған. Арбау арқылы өткен жылы бас-аяғы 3,5 млн теңгедей ақша жинаған алаяқ әйел ақыры тәртіп сақшыларының қолына түсті. Бөтеннің мүлкін заңсыз иемденуге әбден дәніккен азаматша уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Мейрамбек Сұлтанханұлы, қалалық ІІБ тергеушісі: – Бұл қылмыстарды жартылай мойындап отыр. Яғни тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдік келтіріліп отырған азаматшаға ҚР ҚК-мен 3-7 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасына тартылатындығы Қызылорда қаласының сотымен дәлелденіп, шешімін табады.
http://24.kz