Қызылордада тазалық айлығы мамырға дейін жалғасады

42

0

Қызылордада тазалық айлығы мамырға дейін жалғасадыБүгін Т.Жүргенов шығармашылық үйі жанындағы ОКО-да Қызылорда облысында жарияланған
екі айлық санитарлық тазалық шаралары жөнінде брифинг өтті.
    Оған облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті
басшысының орынбасары Ерзат Тұяқбаев, облыстық табиғи ресурстар және
табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Еркебұлан Бекжанов,
жергілікті полиция бөлімінің бастығы Амангелді Бақытжанов қатысты.
    Дәстүрлі тазалық айлығы 10 наурыздан 10 мамырға дейін жалғасады.
Қызылорда қаласы мен аудандарды көркейту-көгалдандыру шараларын
үйлестіруге байланысты облыс әкімдігі жанынан жұмыс тобы, сондай-ақ
облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
жанынан жедел топ құрылып, жұмыс істеуде. Жұмыс барысында елді мекендер,
теміржол және Батыс Қытай-Батыс Еуропа автомагистралінің аумақтары
қамтылуда.
    Барлық қалалық және аудандық әкімдіктерде өткен жылы облыстық
мәслихат бекіткен облыс көлемінде санитариялық тазалық, көркейту және
көгалдандыру шараларын жүргізуге арналған жадынамалар таратылды.
Мамандар сондай-ақ санитарлық талаптарды бұзған жағдайда жеке және заңды
тұлғалар үшін әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте қарастырылған
жауапкершілік және айыппұл түрлері туралы айтты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз