Қызылордада тегін киім-кешек үлестіретін әлеуметтік дүкен ашылды

58

0

Қызылордада тегін киім-кешек үлестіретін әлеуметтік дүкен ашылдыҚызылорда қаласының әкімдігі мен «Ел-арай» қоғамдық қоры қаладағы
«Айтбек», «Сыбаға» сауда үйлеріне контейнерлер орналастырды. Тұрғындар
онда артылған киім-кешектерін өткізе алады.
    Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына қолдау көрсету мақсатында
қолға алынған бастама аясында жиналған заттар сұрыпталады. Арнайы
ашылған «Ел-арай» әлеуметтік дүкеніне (Қызылорда қаласы, Жеңіс көшесі,
106-үйдің 1 қабаты) қойылады. Содан кейін әлеуметтік қызмет бөлімінің
тізіміне алынған отбасыларға тегін беріледі.
    Жоба бюджеттен тыс қаржы көздері арқылы, яғни демеушілердің көмегімен жүзеге асырылуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз