Қызылордада теннистен республикалық турнир өтеді

40

0

Қызылордада теннистен республикалық турнир өтеді16 мамыр Қызылорда қаласында  теннистен 10 жасқа дейінгі ұлдар мен
қыздар арасында «Қызылорда Мастерс» республикалық турнирі басталады. Бұл
туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз
қызметі хабарлады.

Оған Астана, Алматы қалаларынан, Ақтөбе,
Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан және Қызылордадан жас теннисшілер
қатысады. Бұл сында Қызылорда облысының намысын 11 спортшы қорғайды.
Жарыстың басталуы 16 мамыр сағ. 9.00-де «Нұрсәт» теннис орталығында.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге  медаль, алғыс хаттар табысталады. Жарыс
20 мамырда аяқталады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз